Волейболдан «Шұбар доп» (7-8 сынып) Республикалық Ұлттық мектеп лигасына қатысу қорытындысы

Волейболдан «Шұбар доп» (7-8 сынып) Республикалық Ұлттық мектеп лигасына қатысу қорытындысы

2022 жылдың 13-20 маусымы аралығында Шымкент қаласында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының республикалық жарысы өтті (7-8 сыныптар).

Жарыстың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының атынан ұлдар командасынан Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ оқушылары, қыздар командасынан Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Самар орта мектебі» КММ оқушылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО қыздар командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!