Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы «Жазғы мектеп -2022»

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы  «Жазғы мектеп -2022»

2022 жылғы 26 мамырдан 17 маусымға дейін ҚР БҒМ 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159 «2021-2022 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында Жазғы мектептер ұйымдастырылды.

Мақсаты- оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру.

Жазғы мектепте 1-8,10 сыныптағы білім алушылар және 9-сыныпты бітірушілер қалауы бойынша оқыды.

Облыс бойынша білім алушылардың жалпы саны 50456 оқушыны құрады. Сыныптар бөлінісінде: 1- 4 сыныпқа дейін оқушы саны -18218,топ саны-1854, 5 -10 сыныпқа дейін оқушы саны – 32238, топ саны-1837.

Жазғы мектеп сабақтарының кестесі ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдары бойынша құрылып, оқыту бағдарламалары білім алушылардың пәндік білімдеріндегі олқылықтарды ескере отырып, педагогтармен түзетілген.  Педагогтер барлық негізгі пәндер бойынша (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, информатика) сабақтар  жүргізді. Сабақтар оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи білім беру әдістемелерін, цифрлық білім беру ресурстарын, ойын және АКТ-технологияларын пайдалана отырып ұйымдастырды.

Жазғы мектептің жұмысына педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер   жұмылдырылды.

Әр топта 25 оқушыдан артық емес, облыс бойынша барлығы 3691 топқа бөлініп жұмыс жасалды. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ жүргізді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатымен дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы қызықты спорт ойындарын, педагог-психологтер, сынып жетекшілері психологиялық түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер, тәрбиешілер мұражайға, табиғатқа саяхат, сондай-ақ мектеп кітапханасында кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.

      .