Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі студенттердің жазғы демалысы, қауіпсіздігі

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі студенттердің жазғы демалысы, қауіпсіздігі

5 маусымда Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі студенттердің ата-аналарымен облыстық жиналыс өткізілді. Жиналысты білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима Ақылбекқызы жүргізді. Жиналысқа «Жасыл ел» бағдарламасының орталығынан, төтенше жағдайлар демартаментінің қызметкелері және ювенальдық полиция қызметкерлері қатысып ата-аналарды жеткіншектердің қауіпсіздігін сақтау туралы мәліметтер берді. Сонымен қатар  Абайдың Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби –мемориалдық музей- қорығына саяхат ұйымдастыру туралы  - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи – мәдени және әдеби –мемориалдық музей- қорығының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы таныстырды.