
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 19 мамыры мен 10 маусым аралығында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы», «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңін қашықтан өткізді.
Байқауға облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 27 педагогі қатысты. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын байқаудың жалпы ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» бойынша:
І орын- Искакова Салтанат Нуртазановна , ШҚО ББ «Ақ ниет мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын - Естаева Айгул Корпебаевна ШҚО ББ «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі; ;
ІІІ орын - Колпакова Татьяна Владимировна, ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» бойынша:
І орын- Елеуова Асель Ерболовна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ логопед-мұғалімі;
ІІ орын - Колтубаева Жанар Жомартовна, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі.
ІІІ орын- Татерова Айнур Баяхметовна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологі.
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы»:
І орын - Давыдова Марина Михайловна, ШҚО ББ «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ педагог-психологі.
Байқаудың облыстық кезеңінің І орын иегерлері, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.
Жеңімпаздар білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.