
2022 жылдың 7-8 маусымында Қонаев қаласының "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-8 сынып оқушылары арасында "Балдәурен білгірі-2022" зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалардың ІІІ республикалық конкурсы өтті.
Мақсаты - бастауыш және орта сынып оқушыларының шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша біздің облыстан қатысқан барлық оқушылар жеңімпаздар мен жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломмен - 4 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 1 қатысушы марапатталды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының 7- сынып оқушылары Садуев Әмірәлі мен Сеилканов Ерасыл, оларға сондай-ақ «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама табысталды:
- Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Құмарбекова Нұрай;
- Өскемен қаласы №46 орта мектебінің 4- сынып оқушысы Бисетова Сая.
Өскемен қаласы №47 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қабылқан Нұралиге ІІ дәрежелі диплом табыс етілді.
Республикалық конкурстың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!