«Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ҮЕҰ, ювеналдық полиция органдары мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы туралы" облыстық онлайн-семинары

«Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ҮЕҰ, ювеналдық полиция органдары мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы туралы" облыстық онлайн-семинары

2020 жылдың 8 қаңтар күні Өскемен қаласында ШҚО білім басқармасының демалыс кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, мектеп психологтарына, инспекторларға және әлеуметтік педагогтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдары), ювиналдық полиция органдары мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы туралы» облыстық онлайн-семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты - жасөспірімдердің мектептегі және отбасындағы балаларды әлеуметтік және психологиялық қолдау мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын қарастыру.

Онлайн - семинарда сөз сөйлегендер:

- Ибраев С.Ж., «Нұр Отан» ШҚОФ, саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі;

- Ануарбекова С.М., «Нұрсалауат» ШҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру жастар денсаулық орталығының әлеуметтік педагогі;

- Бейсенбаева А.Е., арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, ШҚО ювеналды полициясының капитаны;

- Бексолтанов А.М., Өскемен қаласының Солжағалау ПБ ЖПК ЮПТ УПИ аға инспекторы;

- Жамалбаева Ж.Т., «№19 орта мектеп» КММ педагог-психологы, Семей қаласы;

- Тагиева И.Т., «Маяковский атындағы орта мектеп» КММ педагог-психологы, «Психологиялық қызмет қауымдастығының» төрағасы Жарма ауданы;

- Мадиева А.З., «№5 орта мектеп» КММ педагог-психологы Аягөз қаласы.

Онлайн режіміндегі облыстық әдістемелік панорамаға 230-ден астам педагог қатысты. Қатысушылар жасөспірімдер жасындағы зорлық-зомбылықтың, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырудағы педагогтардың кәсіби шеберлігі мәселелерін талқылап, жасөспірімдер арасындағы мәселелер бойынша алдын алу, түзету және дамыту жұмыстарының стратегияларымен танысып үйренді.

Семинар барысында тәрбиелік және ақпараттық іс-шаралар арқылы психологиялық мәдениетті және мұғалімдердің зорлық-зомбылықтың алдын-алу құзіреттілігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалды.