Білім беру бағдарламалары бойынша облыстық оқыту семинары

Білім беру бағдарламалары бойынша облыстық оқыту семинары

Әдістемелік ұсынымдарды тағайындау және білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ, ТжКБ саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 07 маусымда ШҚО білім басқармасы және «TALAP» КеАҚ өңір колледждері директорларының оқу ісі  жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлері үшін облыстық оқыту семинарын өткізді.

Семинар спикері - Сабирова Роза Балташевна, «TALAP» КеАҚ Педагогикалық шеберлік орталығының бас тренері болып табылды.

Семинар жұмысына 62 адам қатысып, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.