
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетімен бекітілген Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, оның ішінде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша аймақтық іс-шаралар циклінің кестесіне сәйкес балалар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша 2022 жылдың 03 маусымында онлайн семинар өткізді.
Семинарда «Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті» КАҚ педагогика және психология кафедрасы доцентінің м.а., психология ғылымының кандидаты Турсунгожинова Гульнар Сайлаухановна мектептердің педагог-психологтарымен «Жасөспірім кезіндегі суицидтік мінез-құлықты диагностикалау және алдын-алу» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті.
Онлайн семинарға облыстың білім беру ұйымдарының 100-ден астам психолог мамандары қатысты.