
2022 жылғы 31 мамырда ШҚО білім басқармасымен «Облыстық әдістемелік бірлестік көшбасшылары – 2022» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесі облыстық әдістемелік бірлестіктерінің қызметін дамыту және жетілдіру.
Қатысушылардың байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- облыстық әдістемелік бірлестік қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдердің, технологиялардың мазмұндылығы;
- ОӘБ төрайымдарының ұйымдастырушылық, басқарушылық, креативті және коммуникативтік қабілеттері.
Байқау қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
І орын – Оразбаева Гаухар Долдашевна, тілдік пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы (ағылшын тілі, орыс тілі және әдебиет);
ІІ орын – Кайкенова Айнура Муратовна, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
ІІІ орын – Кусаинова Гульжанат Мендыбаевна, ауыл шаруашылығы бағытындағы арнайы пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы.
Құттықтаймыз!