«Шығармашылық шабыт» облыстық қолөнер шеберлік фестивалінің қорытындысы

«Шығармашылық шабыт»  облыстық қолөнер шеберлік фестивалінің қорытындысы

Ағымдағы жылдың 30 мамырында мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында өткен «Шығармашылық шабыт» облыстық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Аталған фестивальге 35-тен астам мүмкіндігі шектеулі студенттер өз жұмыстарын ұсына алды.

Фестивальдің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың зияткерлік шығармашылығын, шығармашылық белсенділігін дамыту.

Фестиваль сәндік-қолданбалы өнердің (авторлық жұмыстар) келесі бағыттары бойынша өткізілді: көркем тоқыма (құрақ тігу, мата аппликациясы, тоқыма, матадан жасалған гүлдер); көркем кестелеу (ленталармен кестелеу, кілем, крестпен кестелеу); мата бойынша көркем сурет салу (батик); ағашты көркем өңдеу (ағаш ою, өңдеу және шілтер тоқу; дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар (декупаж, т.б.); ағашқа сурет салу; кескіндеме және сурет салу.

Сондай-ақ, «Креативті жұмыс», «Алтын қол шебері», «Шебер қолдар» номинациялары бойынша үздік жұмыстар анықталды.

Барлық жеңімпаздар мен номинанттарды құттықтаймыз!

«Шығармашылық шабыт» облыстық қолөнер шеберлік фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі