Жас педагогтермен кездесу «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квесті

Жас педагогтермен кездесу «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квесті

Мектептегі жас мұғалім - бұл дегеніміз озық ой, жаңашылдық, өзіндік ерекшелік, бірегейлік, білім берудегі прогрессивтілік.

         Жас мұғалімдер мектебі - білім беру менеджментінің маңызды циклі, жас мұғалімнің кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасайтын жүйе.

         2022 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен және «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, Семей аумақтық кәсіподақ ұйымы  бірлесіп Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі базасында «Феникс» жас педагогтер клубының жұмыс жоспары шеңберінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету, білім беру процесіне заманауи тәсілдерді игеру және енгізу, жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін тарту мақсатында жас педагогтермен «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квест түріндегі кездесу өткізді.

Іс-шараға қатысушы жас мұғалімдер үлкен қызығушылық пен белсенділік танытқан «Мұғалім шеберлігінің лабиринті» педагогикалық квесті келесі блоктардан тұрды:

  • Қатысушы командалармен танысу;
  • Жас мұғалім түйіндемесі;
  • Эмоционалды драйв;
  • Шешім әркезде де бар!;
  • Педагог азбукасы;
  • Мұғалім шеберлігінің формуласы.

Кездесудің екінші бөлігінде  жас педагогтер үшін Өскемен қаласындағы ПШО филиалының тренерлері:

  • К.К.Бурунбетова «Саралаудың 7 тәсілі»;
  • Е.А.Марченко «Қалыптастырушы бағалауда ұпайларды пайдалану тәсілдері»;
  • Г.Т. Зейнолдина «Инклюзивті оқыту»;
  • В.С.Пак, Д.А. Адильжанова «Эмоционалдық көңіл-күйді басқару» сияқты өзекті тақырыптар бойынша шебер сыныптар өткізді.

         Жас мамандардың әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі кәсіподақтың рөлі туралы «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ  бас маманы И.Н.Соколов айтып берді.

Іс-шара барысында «Феникс» жас мұғалімдер клубының 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы жасалып, келесі оқу жылына ұсыныстар қабылданды.

         Жас мұғалімдермен кездесудің қорытынды бөлігінде квест  нәтижелері жарияланып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қатысушылар ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

         Кездесу  «Тең диалог» ұранындағы флеш-мобпен  аяқталды.

         Іс-шараға облыстың 100 жас педагогі қатысты.