Облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар туралы баспасөз хабарламасы

Облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған қысқы каникул кезіндегі  іс-шаралар туралы баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдың 6 қаңтарында қысқы демалыс кезеңіне арналған іс-шаралар аясында облыстағы мектеп мұғалімдеріне арналған Бірыңғай әдістемелік күн өткізеді.

«Бірыңғай әдістемелік күн» алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтау және оқушыларды қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау бойынша қалалар мен аудандардағы білім беру ұйымдарының базасында жетекші пән мұғалімдерінің, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, ШҚО әдіскерлерінің қатысуымен өткізіледі.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 30 желтоқсанда, 2020 жылғы 5 - 6 және 8 қаңтарда ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығымен оқушылардың оқу жетістіктерін сын тұрғысынан бағалау мақсатында демалыс мектебін өткізеді. Демалыс мектебін өткізу үшін ПШО қызметкерлерінің арасынан 316 жаттықтырушыны, сондай-ақ орта мектеп мұғалімдерін тарту жоспарлануда. Бұл шараға барлығы 570 мұғалім қатысады.

Өтетін күні: 2019 жылғы 30 желтоқсан, 2020 жылғы 5 - 6, 8 қаңтар.

Демалыс мектебінің орны: Өскемен қаласы «Назарбаев Зияркерлік мектебі» ААҚ, Семей қаласы «Назарбаев Зияркерлік мектебі» ААҚ.