«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің  облыстық шығармашылық байқауының  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 190 білім алушылары қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- «Менің елім - менің жерім»;

- «Палитра талантов».

Байқау қорытындысы бойынша 75 жеңімпаз анықталды: I орын – 12, II орын – 26, III орын – 37.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!