Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық IV «Абайтану» олимпиадасына қатысу қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық IV «Абайтану» олимпиадасына қатысу қорытындысы

2022 жылдың 18-20 мамыр күндері Алматы қаласында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық IV «Абайтану» олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада екі айналымнан тұрды:

1-айналым - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.

2-айналым - М. Әуезовтің «Абай жолы» романының мазмұны бойынша.

Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:

- Жарма ауданы Абай атындағы мектеп - балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Сүйгенбаева Наргиз;

-  Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының»11 сынып оқушысы Манарбекова Айзере марапатталды.

III дәрежелі дипломмен:

- Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының» 10 сынып оқушысы Джолумбетова Нұрай;

-  Абай ауданы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының» 9 сынып оқушысы Қабдиева Баян марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!