
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 21 мамырда музыка, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің республикалық съезінде қаралған мәселелерді жүзеге асыру аясында «Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – республикалық музыка, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің съезіндегі жаңалықтармен бөлісу, практик мұғалімдермен талқылау, тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірбиесін тарату және педагог әлеуетін арттыру.
Семинардың қатысушылары – ШҚО білім басқармасының өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары, музыка, көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтері.
Семинардың пленарлық бөлімінде:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Өнер және музыка кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Б.К. Бодауова «Музыка, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің республикалық съезінде қаралған мәселелердің резолюциясын таныстыру, талдау»;
ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ сызу және көркем еңбек пәндерінің мұғалімі А.Е. Омаров «Көркем еңбек пәнін оқытудағы жаңа бетбұрыстар және өзекті мәселелер»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК директоры Е.К. Жаркембаев «Үйірме жұмысында креативті білім беру арқылы балаларды кешенді дамыту»;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі Т.А. Корнейчук «Обмен информацией о работе республиканского съезда»;
Музыка пәні бойынша секциялық бөлімде:
Қызылорда қаласының қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.А. Тулегенова «Балаларға музыкалық білім беруде инновациялық технологияларды қолдану»;
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка негізгі мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі Р.Р. Зяблинская «Развитие творческих способностей учащихся на уроках музыки и во внеурочной деятельности»;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 20 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі Т.А. Корнейчук «Музыкальное воспитание как средство коррекции речевых нарушений у детей с ООП»;
ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы мектеп - балабақша кешені» КММ музыка пәнінің мұғалімі Г.С. Рахимова «Жаңартылған білім мазмұнының тиімді тұстары мен олқылықтары және жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің өзекті мәселелері»;
Көркем еңбек пәні бойынша секциялық бөлімде:
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Н. Сманжина «Мектепте көркем еңбек пәнін оқытудағы өзекті мәселелер және сол мәселелелер аясындағы жұмыстар»;
ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.К. Калиева «Бейнелеу өнері және сызу, технология пәндерінің білім беру жүйесіндегі маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі»;
ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г.Ж. Саябаева «Жалпы білім беретін мектептердегі «Көркем еңбек» пәнінің проблемалары»;
Көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру бойынша секциялық бөлімде:
Ақтөбе қаласы «Гульсана Магзимбетова өнер мектебі» ЖШС директоры, домбыра сыныбының оқытушысы Г.К. Магзимбетова «Ерекше балаларды аспаптық музыкаға үйретудің заманауи әдістемелері»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК хореография сыныбының оқытушысы Е.Х. Халелов «Қосымша білім берудегі хореография сабағында мектеп жасындағы балалардың көркемэстетикалық қабілеттерін қалыптастыру»;
Қызылорда қаласының қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.А. Тулегенова «Балаларға музыкалық білім беруде инновациялық технологияларды қолдану»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбының оқытушысы Б.Ж. Жұмабеков «Музыкалық аспапта IT компьютерлік технология бойынша ноталық редактор(Sibelius) арқылы болашаққа бағдарлау» тақырыптарында Шығыс Қазақстан облысынан барған делегат мүшелері баяндамалар жасап, алған ақпараттарымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, семинар жоғары кәсіби деңгейде өткенін, алған әсерлерімен бөлісіп, пайдалы ақпарат алғандарын атап өтті.