Қазақстандағы Балалар жылына арналған балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараның қорытындысы

Қазақстандағы Балалар жылына арналған балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараның қорытындысы

          Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесіп 2022 жылғы 20 мамырда  Өскемен қаласының Солжағалау кешенінде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған  Қазақстандағы Балалар жылына арналған жарыс өткізді.

      Жарысқа жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-15 жас аралығындағы (үлкен емес) оқушылары қатысты.

 Жарыстар келесі кезеңдер бойынша өткізілді:

  • Жол қозғалысы ережелерін білушілер;
  • Жас реттеуші;
  • Жас санитар;
  • Командалардың визит карточкасы;
  • «Қауіпсіз жаз» қабырға газеттерінің байқауы.

           Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ «Жоламан» командасы, Өскемен қаласы;

2 орын – «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ «Ақжол» командасы, Өскемен қаласы;

3 орын – «№ 22 орта білім беретін мектеп» КММ «Дорожный патруль» командасы, Өскемен қаласы.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар I, II, III дәрежелі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен    құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!