«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби даму жолы- педагогикалық қауымдастық» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының жоспарлы 4-отырысы

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби даму жолы- педагогикалық қауымдастық» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының жоспарлы 4-отырысы

        Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының жоспарлы 4-отырысы өткізілді.                 

        Қауымдастық отырысының мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша         білімдегі олқылықтарды жоюда жасалған жұмыс нәтижелерін сараптау, қауымдастықтың         жыл көлемінде атқарған жұмыстары бойынша рефлексия жасау, келесі оқу жылына ұсыныстар қабылдау.

      Жоспарлы отырыста Аягөз,  Глубокое, Зайсан,  Бесқарағай  аудандары бойынша  қауымдастық жетекшілері

         ШҚО ББ  Аягөз ауданы бойынша қауымдастық жетекшісі, «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгуль Оразгалиевна Калдыбаева;

         ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша қауымдастық жетекшісі,  «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ Ардақ Айтказиновна Тауданбекова; 

         ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша қауымдастық жетекшісі, «Мукарама атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маншук Ахатовна Ахметкалиева;

         ШҚО ББ Бесқарағай ауданы бойынша қауымдастық жетекшісі,  «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибижан Рымбековна Агибаева қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша     оқу жылы бойы білімдегі олқылықтарды жоюда атқарылған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Кемшіліктерді жою жолы мен жетістікке жетудегі әдіс-тәсілдерін әріптестеріне ұсынды.

       Аудандық/қалалық ассоциация жетекшілері төмендегідей ұсыныстар қабылдады:

- офлайн тұрғыда әріптестік қарым-қатынас орнаса;

- жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Жас мамандар слеті» ұйымдастырылып, тәжірибелі педагогтер шеберлік сыныптар көрсетсе;

- қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Әдістемелік бірлестік жұмысы» сайыстары, конкурстар ұйымдастырылса;

- жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша жинақ шығарылса.

      Облыстық қауымдастық жетекшісі Дана Бекеновна Отынбаева қауымдастық жетекшілерінің пікірлерін тыңдай келе, 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарға рефлексия жасап, алдағы 2022-2023 оқу жылына міндеттер қабылдады.

    Жауапты - оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері    А.Ж.Билялова, 87055014271