«Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу» облыстық семинардың БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

«Баланың кешенді дамуы: шығармашылық әлеуетін ашу» облыстық семинардың БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы музыка, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің және көркемдік-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің республикалық съезінде қаралған мәселелерді іске асыру шеңберінде 2022жылғы 21 мамырда «Балаларды кешенді дамыту: шығармашылық әлеуетін ашу» облыстық семинарын ұйымдастырады.

Семинардың мақсаты – республикалық музыка, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің съезіндегі жаңалықтармен бөлісу, практик мұғалімдермен талқылау, тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірбиесін тарату және педагог әлеуетін арттыру.

Семинардың қатысушылары – ШҚО білім басқармасының өкілдері, облыстық, қалалық/аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, ШҚО жалпы орта білім беретін мектеп  директорларының орынбасарлары, бірлестік жетекшілері, музыка, көркем еңбек пәндері және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдарының  педагогтері.

Өткізу мерзімі – 21 мамыр, 2022 жыл.

Семинар 2 бөлімнен тұрады.

  1. Пленарлық бөлім - 00-10.00 (офлайн, онлайн)
  2. Секциялық бөлім бағыттары - 00 -11.00 (онлайн)
  • Музыка пәнін оқытудың мазмұны мен оқу бағдарламалары.
  • Көркем еңбек пәнін оқыту мазмұны және оқу бағдарламалары.
  • Өнер мен мәдениетті өзектендіру арқылы қоғамдық сананы жаңғырту.

Жауапты – Коржиспаева Ж.М., ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері, тел. 87051014835.

Нурмухамедова Э.А., ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері, тел. 87776933304.

Өткізілу орны: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы, Абай данғылы 21, конференцзал.