XVI «Математика және жобалау» Халықаралық байқауына ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы

XVI «Математика және жобалау»  Халықаралық байқауына  ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы

2022 жылдың 8 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысының оқушылары  Халықаралық «Математика және жобалау» байқауына қатысты.

Байқаудың  мақсаты - оқушылардың математикаға, зерттеу және жобалық жұмысына қызығушылығын дамыту. 

Конкурсқа Ресей Федерациясы, Қазақстан және Болгария зияткерлері қатысты. Ғылыми жобаларды қорғау 11 номинация бойынша онлайн режимде өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

  • Алтай ауданы, Алтай қаласы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Оттенс Степан;
  • Өскемен қаласы № 11 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Синельникова Елизавета;
  • Өскемен қаласындағы Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған
    мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Давыдов Константин марапатталды.

Конкурс  жеңімпаздарын  құттықтаймыз! Келешек  жетістіктер мен жеңістер тілейміз!