Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Педагогикалық ассоциация – мұғалімнің кәсіби дамуының факторы» тақырыбында облыстық ассоциация отырысын өткізеді.
Шараның мақсаты – Тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының педагогтердің құзыреттілігін арттырудағы маңызы, жылдық жұмысының қорытындысы, болашақтағы міндеттері бойынша пікір алмасу.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 100 педагогі қатысады.
Қаралатын мәселелер: 1) 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға рефлексия, алдағы жылға міндеттер.
2) Облыстық ассоциация құрамын қайта жасақтау
Ассоциация отырысы 2022 жылдың 19 мамырында сағат 14.00-де өтеді. Өткізу нысаны: қашықтан, «ZOOM» платформасы арқылы.
Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері. 87017677658