Халықаралық Отбасы күніне және «Балалар жылына» арналған «Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауы

Халықаралық Отбасы күніне және «Балалар жылына» арналған «Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен 2022 жылдың 13 мамырында Халықаралық Отбасы күніне және «Балалар жылына» арналған «Үздік оқырман отбасы» қашықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды.

Байқаудың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 2022 жылғы 4–29 сәуір аралығында аудандық және қалалық, облыстық білім беру ұйымдарында өтті. Облыстық байқауға қалалар мен аудандардан 32 оқырман отбасы қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын бейнефильм мен таныстырылым түрінде ұсынды.

Әр шығармада жарқын және қызықты отбасылық тарихтар баяндалған. Балалар, аналар мен әкелер, аталар мен әжелер бүкіл отбасылық командалар өздерінің сүйікті кітаптарына деген құштарлықтарын ғана емес, сонымен қатар көркемдік таланттарын, актерлік шеберлік пен режиссерлік шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:

1-4 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен - Серік Айым, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ 4 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Сымбатқызы Айару, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ 3 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Кливенко Яна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Сатпаев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 3 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Қабылқадырова Інжу, ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ 4 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Улакова Инкар, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Перовроссийское орта мектебі» КММ 4 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Оградова Виктория, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ 2 сынып оқушысы;

5-7 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен – Оразалин Нұрсұлтан, ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ 6 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Чепига Арина, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Кожохов орта мектебі» КММ 6 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен - Ғалымбек Нұрбек, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ 7 сынып оқушысы марапатталды.

Комиссиямен номинациялар тағайындалды:

«Оқырман ұжым» - Алтынбекқызы Айару, ШҚО ББ «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ 1 сынып оқушысы;

«Активный читатель» - Вера Петровская, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Горький атындағы негізгі орта мектеп» КММ    1 сынып оқушысы;

«Ойлы оқырман» - Жұмағали Алима Ержанқызы, ШҚО ББ «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ 6 сынып оқушысы.

Барлық отбасылық командалар өздерінің талантын, қиялын, шеберлігі мен оқуға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Берілген тапсырмаларды орындауда мықты отбасылық рух пен отбасылық кітап оқу дәстүрлері маңызды рөл атқарды.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз және одан әрі жемісті жұмыс пен оқырман белсенділігін тілейміз!