
Біз компьютерлер шығармашылық, зерттеу, зияткерлік еңбек жасай алатын әлемге қарай жылжудамыз. Цифрландыру контексінде цифрлық сауаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде бағдарламалауға деген көзқарас тез өзгеруде.
Сауаттылық белгілі бір салада білім мен дағдыларды игеру деңгейін және оларды практикада қолдану қабілетін білдіреді: жобаларды құру үшін ақпараттық технологиялар, математика және дизайн сияқты пәндік салалардың құралдарын меңгеру.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Балалар жылы аясында IT-club жобасының авторы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ мұғалімі Быржан Бэкович Әуезовпен бірлесіп Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10 және 11 сынып оқушылары үшін «1-st Oskemen hackathon» бірінші IT-хакатон өткізеді.
Мақсаты - Өскемен қаласының оқушылары арасында IT саласын танымал ету.
Міндеттері: 1) питчингті оқыту;
2) Алдын ала берілген тақырып бойынша сайттар немесе қосымшалар әзірлеу (командаларда жұмыс істеу);
3) жобаларды таныстыру.
Питчингті Google, Yandex – те тәжірибеден өткен Nazarbayev University студенті Еркімбеков Алишер өткізеді.
IT-хакатон 2022 жылдың 14, 15 мамырында Өскемен қаласының «Зерек» орталығының базасында 10-11 сынып оқушылары арасында өтеді.
Өткізу уақыты-14.05.2022 18.00-ден 20.00-ге дейін; 15.05.2022 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинеті әдіскері, 87774966377.