
2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО жылдық жоспарына сәйкес «Жас басшы кадрлар резерві мектебі» жобасы аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ және «№35 орта мектебі» КММ базаларында жас басшы кадрлар үшін қорытынды төртінші сессиясы ұйымдастырылды.
Курс дәрістерін ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ директоры Саакян Елена Алексеевна, және «№35 орта мектеп» КММ директоры Таймова Анна Мухамедановна оқыды.
«Басшы кадрлар резерві мектебі» жобасы облыстың білім беру ұйымдарында басшылық жұмысқа дайын білікті мамандарды даярлау мақсатында әзірленген. Дәрістік және практикалық сабақтар арқылы жобаға қатысушылардың практикалық басқару қызметінің дағдылары қалыптасып, инновациялық қызметте тәжірибелері жинақталды. 2021-2022 оқу жылындағы курстың білім беру бағдарламасының нормативтік көлемділігі 96 сағатты құрады. Төрт сессиядан тұратын жылдық дайындық курстан басшылық резервіне алынған үміткерлер өтті.
Төртінші сессия барысында курсанттар «Білім беру ұйымын қаржыландыру жоспары», «Бюджеттік өтінімді жасау ережелері», «Жалақыны есептеу ережелері», «Мекемелердің бюджеттік есептілігі. Бюджеттік есептілік нысандары», «Шығындарды ерекшеліктер бойынша бөлу», «Мүлік пен мүліктерді түгендеу. Құжаттарды жүргізу және ресімдеу тәртібі», «Жарамсыз болған қаражатты есептен шығару», «Бюджеттік мекемелерге салық салу», «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыптарын оқып үйреніп, болашақтағы жұмысқа қолдануға мүмкіндік алды.
Курс соңында 39 қатысушыға «Жас басшы кадрлар резерві мектебі» курсын аяқтағаны туралы сертификат берілді.