
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 12 мамырында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ базасында инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, ППТК меңгерушілеріне, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, педагог-ассистенттерге, тьюторларға, психологтер мен сынып жетекшілерге «Аутизм - проблемалар, диагностика, түзету әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Іс-шара барысында:
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері - А. К. Кубентаева республикалық семинарда алған ақпараттармен бөлісті аутизм спектрінде бұзылыстары бар балаларымен жұмыс жасауда педагогтер мен ата-аналарға арналған жаңа басылым «Ерекше балалар. Проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» туралы айтып берді;
Өскемен қаласындағы «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларға арналған орталықтың педагог-мамандары: Тарасова В.М., Амантаева Г. Ғ., аутизм орталығы жағдайында аутизм спектрінде бұзылыстар бар балалардың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ дефектологі Молдакасымова Г. Т. «Аутистік спектр бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беретін мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ педагог-мамандары: Бекпаукова А.Қ., Рахимжанова М.М., Жанатбекова Қ. Қ., Абдрахманова А.Е., Мурзахожина К. С. жалпы білім беретін мектеп негізінде инклюзивті білім беру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 50 педагогі қатысып, қатысушыларға сертификат табысталды.