Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы

Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 4-6мамыр аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы өтті.

Жарысқа 5-6 және 7-8 сынып  - аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз оқушылары қатысты.

Команда құрамы: 2 ұл, 1 қыз (+ 1 қыз - қосалқы ойыншы).

Командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

5-6 сыныптар арасында:

1 орын - Тарбағатай ауданының командасы;

2 орын – Жарма ауданының командасы;

3 орын – Бесқарағай ауданының командасы.

7-8 сыныптар арасында:

1 орын – Бесқарағай ауданының командасы;

2 орын – Жарма ауданының командасы;

3 орын – Тарбағатай ауданының командасы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!