
Халықаралық ынтымақтастық аясында 2022 жылдың 05 мамырында "Өскемен құрылыс колледжі" КММ – нің (Қазақстан, Өскемен қаласы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Смаилова Р.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зубкова Ю.В., директордың IT технология жөніндегі орынбасары Чирвин В.А.), қоғамдық пәндер оқытушысы Иванова В.П.) және Томск теміржол көлік техникумы (Ресей, Томск қ., әдіскер Степкина С.С., тарих және философия оқытушысы, "Ерлік сабағы" жобасының кураторы Томилин О.Ю.) ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған онлайн – форматта (телекөпір) ерлік сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: өз Отаны, өз халқы үшін мақтаныш сезіміне, патриотизмге, азаматтық кемелділікке, қорқынышты соғыста жеңіске жеткен және қатал соғыс уақытының барлық қиындықтарын жеңген адамдарға құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Содан бері алты ұрпақ бейбіт аспан астында өсті. Соғыстан кейінгі балалар әжелер мен арғы әжелер, аталар мен арғы аталар болды.
Ұйымдастырушылардың алдына қойған міндеті: Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы жеңіске жетіп, аман қалған аға буынға деген патриоттық сезімді, құрмет сезімін тәрбиелеу; Отанға және халыққа деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу.
Іс-шара аясында студенттер әскери лирика мен прозаны мәнерлеп оқу дағдыларын көрсетті, Шығыс Қазақстан облысының ҰОС батырлары (Т.Тохтаров, Н. Шелихов) туралы өз білімдерімен бөлісті, сондай-ақ 28 панфиловшылардың ерлігі (Қазақстанның мақтанышы) туралы, Ресейдің батырлары, атап айтқанда Томск облысының батырлары (И.Черных, М.Октябрьская) туралы әңгімеледі. Жеңіс күні әнінің бірлескен орындауымен Ерлік сабағы аяқталды.
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!