«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының қорытындысы

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының қорытындысы

2022 жылдың 20-21 сәуірінде «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы қашықтық форматта өтті.

Форумның мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға форумның іріктеу (мектеп және аудандық/қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 6-11 сыныптарының 114 оқушысы қатысты.

Форум номинациялары:

- «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»- 3D атласын жасау.

- «Zhasyl El» – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша:

- қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;

- инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы.

- «Экотеатр» – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;

- «Eko-Bolashak» – жүргізілген экологиялық жұмыстар бойынша видеороликтер презентациясы; 

- «GREEN OASES» – ландшафтық экожобалар байқауы;

- «Туған өлкенің бояулары» – электрондық экологиялық ашық хат.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша 57 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломды – 10, ІІ дәрежелі дипломды – 18, ІІІ дәрежелі дипломды – 29 оқушы жеңіп алды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Үздік жобалар 2022 жылдың маусым айында өтетін Форумның республикалық кезеңінде ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТІЗІМІ