Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының қорытынды кезеңі

Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының  қорытынды кезеңі

 2022 жылдың 28 сәуірінде облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізіледі.

І кезеңнің қорытындысы бойынша облысымыздан 340 қатысушы Олимпиаданың ІІ кезеңіне сәтті өтті.

Қорытынды кезең Өскемен, Семей, Аягөз қалаларындағы және Үлкен Нарын ауылындағы U-Study тестілеу орталықтарының базасында өткізіледі.

Олимпиада академиялық білімді бағалауға арналған компьютерлік тестілеу форматында келесі пәндер бойынша өтеді:

  • математикалық сауаттылық;
  • қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін);
  • орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін);
  • ағылшын тілі;
  • жаратылыстану.