
2022 жылғы 27 сәуірде ШҚО білім басқармасы директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен және Өскемен құрылыс колледжімен бірлесіп «Бір шаңырақ астында» облыстық студенттік фестивалін өткізді. Фестивальге 19 колледжден 130 студент қатысты.
Фестивальдің мақсаты - студент жастарды Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне тарту.
Фестивальге колледж студенттерінің хореографиялық, вокалдық және фольклорлық ұжымдары, халық шығармашылығының кәсіби және әуесқой өкілдері қатысты.
Фестиваль сахнасында еліміздің аумағында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың тілдері мен әуендері шырқалды. Бүгінгі фестиваль Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтіп, достық, келісім мен бірлік – еліміздің бақытты болашағының кепілі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.