
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 27 сәуірде мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Тиімді жоспарлау арқылы білім беру және оқыту тәжірибесін жақсарту» облыстық онлайн-семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқару құзыреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту және білім сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушылар саны 100 адам.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абламбаева Тоғжан Мақсұтбекқызы «Тиімді басқару: құрылым, стратегия, персонал» тақырыбы бойынша тәжірибесімен бөлісті.
ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Чамакаева Асем Хамитовна, оқушылардың білім жетістіктерін, қоғамның, жеке тұлғаның сұранысын қанағаттандыру, білім беруде сапаны қамтамасыз ету үшін кадрлардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, ақпараттық материалдық базаның мүмкіншілігін және т.б. ресурстарды тиімді жоспарлау нәтижесінде қол жеткізу мүмкіндіктерін баяндады.
Мектептегі білім беру сапасын басқару бағыттары мен олардың іске асуы туралы ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №4 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Майкынова Турсын Сайфуллиновна таныстырылым жасады.
«Тиімді жоспарлау - сапалы оқытудың негізі» тақырыбында ШҚО ББ Семей қаласы бойынша «№16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Райстанова Перизат Каримхановна мен Алиева Төлеугайша Авалкановна тәжірибесімен бөлісті.
Оқу үрдісінің басты міндеттерінің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыруды әр тоқсан сайын талдау жүргізу және жазғы мектеп жұмысына қатысу арқылы жүзеге асырылатындығы туралы ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ көпсалалы мектеп гимназиясы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Канапина Рауан Альмухановна баяндады.
Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.