Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері және тарих пәні әдіскерлері үшін 2022 жылы 28 сәуір күні «Заманауи сабақ тиімді және сапалы білім берудің негізі ретінде» онлайн- тәжірибелік семинарын «өткізеді.
Шараның мақсаты – педагог қызметінің жаңалығын, жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін, педагогика мен оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігін насихаттап, басқа педагогтердің шығармашылық тұрғыдан қолдануына мүмкіндік беру, тәжірибелі ұстаздардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату.
Шара барысында алдыңғы қатарлы тәжірибелі педагогтар шебер сыныптарда өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Семинар 2022 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді. Өткізу нысаны: қашықтан, «ZOOM» платформасы арқылы.