Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысу қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысу қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2022 жылдың 18-22 сәуірі аралығында өткен республикалық олимпиадада алтын, күміс және қола медальдарға ие болып жеңіс тұғырынан көрінді.

Республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңіне жалпы білім беретін 15 пән бойынша облысымыздың 9-11 сынып оқушылары - олимпиадалық резерв мүшелері мен облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада Өскемен және Семей қалаларында «Ustudy» орталықтарының негізінде өткізілді.

Оқушылардың олимпиадаға қатысу қорытындысы бойынша біздің облысымыздың қоржыны 30 медальмен толықты: 8 – алтын, 5 – күміс, 17 - қола медаль.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!