«Қазағымның әдебиеті» жобасы

«Қазағымның әдебиеті» жобасы

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ әдебиетіне арналған «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жобаны қолға алды.

Барлық NIS мектептерінде оқушылар, ұстаздар белгілі ақын-жазушылармен тікелей жүздессе, ата-аналар бірыңғай әдебиет сабағы мектептің YouTube арналары мен басқа да интернет-платформаларда тікелей эфирден көре алды. «Қазағымның әдебиеті» NIS-тің «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер», «Wikipedia», READx, «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қоғамға қызмет ету», «Ғылыми орта», «Даналық бейсенбі», «100 ән», «100 күй» сынды әдеби және әлеуметтік жобаларымен тоғысып отыр.

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әдеби-сазды кеш «Талантымен табындырған қаламгерлер» тақырыбында өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

  • Тарбағатай ауданының тумасы, ақын, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы – Әрімбек Мәселұлы
  • Катонқарағай ауданының тумасы, журналист, ақын-жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі - Әлібек Қаңтарбаев
  • Абай ауданының тумасы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Қалқаман Сарин

Кездесу екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде алдымен көрермендерге қонақтардың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді. Мұнан соң оқушылар осы адамдар авторы болып табылатын ән айтып, өлең мен шығармадан үзінді оқыды.

Екінші бөлімде қонақтар мен көрермендер арасында тікелей сұхбат болды. Оқушылар қонақтардың шығармашылығы туралы ғана емес, олардың қызметі туралы да сұрақтар қойды. Көрермендерге Әлібек Қаңтарбаевтың өзі жеке таныс болған Оралхан Бөкей туралы әңгімесін тыңдау өте қызықты болды.

Әрімбек Масалов вокалистеріміздің қолтаңбасына айналған «Қазақстан-қазақ елім» әнінің жазылу тарихына тоқталды. Дәл осы әнімен Өскемен қаласы NIS  мектебінің вокалдық-эстрадалық тобы республикалық байқауларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.

Оқушылар Қалқаман Сариннен замандас ақындардың шығармашылығына баға беруді сұрады. Бұған ақын: «Поэзия - сан қырлы, кез - келген өнер түрі сияқты заман ағымына сай дамуы керек, ал әр шығарманың өз оқырманы бар»,- деп жауап берді.

Бұл кездесу NIS жүйесіндегі барлық жобалардың ашыла түсуіне ықпал етіп, мектеп қауымдастығының кітап оқуға деген қызығушылығын арттырары анық.