
2022 жылғы 22 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы білім басқармасының ағымдағы жылдың 2 наурызында аппараттық кеңесте берілген хаттамалық тапсырмаға сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға сәйкес түсіндіру және дайындау бойынша облыстық семинар өткізді. Семинарға 2022 жылдың маусым, шілде айларында жоспарланған Семей қаласы, Алтай, Бородулиха, Жарма, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарының 36 мектебі қатысты.
Мақсаты – «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2.02.2016 жылғы №124 бұйрығына сәйкес білім беру қызметін өзін-өзі бағалау кезінде білім беру ұйымдарының құжаттарын дайындау бойынша әдістемелік көмек беру.
Семинарда мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептер өз тәжірибелерімен төмендегі тақырыптар бойынша бөлісті:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп-лицейі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Федорова Елена Владимировна, «Опыт работы по формированию пакета документов в рамках государственной аттестации организаций образования»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ, мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасарлары Тұрысбекова Гулназ Бейсенқызы «Орта білім беру ұйымдарын бағалауға қойылатын талаптар»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ, мектеп директорының тәрбие - ісі жөніндегі орынбасарлары Торпакова Динара Кенжебаевна, «Тәрбие жұмысы, азаматтық қорғаныс, материалдық база бойынша бағалауға қойылатын талаптар»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ, шағын орталық әдіскері Келекенова Сауле Бакытбековна, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі талаптары»;
ШҚО ББ Глубокое аудандық білім бөлімінің «Бозанбай орта мектебі» КММ, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Боксенова Манат Каукеновна «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестатттауға дайындау бойынша бағалау өлшемшарттары».
Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды, спикерлер өзекті сұрақтарға жауап берді.