"Жарқын балалық шақ" мерекелік марафон

"Жарқын балалық шақ" мерекелік марафон

22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының ЮНЕСКО Клубтарының өмірінде үлкен оқиға болды. ЮНЕСКО клубтары ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 75 жылдығына және Қазақстандағы балалар жылына арналған "Жарқын балалық шақ" мерекелік марафонын ұйымдастырды. Марафонға облыстың 9 ЮНЕСКО клубы қатысты. Марафон бағдарламасында балалар үшін аквагрим бойынша мастер класс, аэродизайн шоуы, интерактивті жаттығулар, "STEM Academia, "SoftSkills: эмоциялық интеллект"өткізілді. Екі сағат ішінде балалар көптеген жаңашыл идеялар мен жағымды эмоциялар алды. Марафон соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Облыстың ЮНЕСКО Клубтары Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтары Федерациясына осы мерекелік марафонды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.