
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында 2022 жылдың 15-20 сәуір аралығында облыстық шығармашылық байқау өтті.
Байқаудың бірінші кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін көрсету негізінде «Мұғалім шеберлігі» материалдары электронды нұсқада ұсынылды.
Байқаудың екінші кезеңінде мұғалімдер педагогикалық ұстанымы мен жеке әлеуетін көрсету мақсатында онлайн форматта «Мен бастауыш мұғалімі»10-минуттық интербелсенді көрсетілімді қорғады.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде-ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Камышенка орта мектебі» КММ мұғалімі Жумадилова Татьяна Анатольевна;
І орын - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ мұғалімі Вакасова Майгуль Сейтбековна;
ІІ орын - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпсалалы орта мектебі» КММ мұғалімі Зуева Инна Владимировна;
ІІ орын - ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мұғалімі Турмухамбетова Алмагуль Болатбековна;
ІІІ орын - ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мұғалімі Рогальская Ольга Андреевна;
ІІІ орын - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мұғалімі ІІІ орын - ШҚО ББ Катон-Қарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ мұғалімі Булекпаева Айжан Каныбековна;
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар берілді:
«Шығармашыл педагог» - ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі Әмірханова Атлас Медеуқызы;
«Креативті педагог» - ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі Абраймова Нургул Сеитжапаровна;
Байқау жеңімпаздары мен номинанттары ШҚО білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды, қатысушыларға «Шығыс» өңірлік орталығының сертификаттары берілді.