
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 21 сәуірде «Жаңа технологиялар мен жұмыс әдістері Оқушылар шығармашылық сарайында» онлайн-семинарын өткізді.
Семинарға домбыра, фортепиано, музыка теориясы (сольфеджио), вокал сыныптары және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша қосымша білім беретін 100-ден астам педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану тиімділігі бойынша Көкпекті ауданының Оқушылар шығармашылық сарайы педагогтерінің тәжірибесін қосымша білім беру педагогтері арасында тарату, бөлісу.
ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК директоры Сулейменов Аскар Дюсембекович шығармашылық сарайдың жұмыс жүйесімен таныстырды: орталықта 840 оқушы білім алады, 53 педагог қызмет атқарады, музыкалық-эстетикалық, көркем-эстетикалық, спорт-туризм, әлеуметтік-педагогикалық, техникалық бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Семинар барысында педагогтер әр түрлі бағыт бойынша ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетті:
«Қол сөмкелердің заманауи түрлерін дайындау» - Ахметкалиева Гульгина Кайырхановна, сәндік қолданбалы өнерден қосымша білім беру педагогі;
«Сувенирная ручная работа: Кофейная игрушка» - Жабекова Жанна Берикбековна, сәндік қолданбалы өнерден қосымша білім беру педагогі;
«Шиден шим ши орау» - Асхар Таңжарық, сәндік қолданбалы өнерден қосымша білім беру педагогі;
«Сымнан бұйымдар жасаудың әдіс – тәсілдері» - Ахметкалиева Гульгина Кайырхановна, техникалық бағыт бойынша қосымша білім беру педагогі;
«Домбырашылар ансамблін ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық пен орындаушылық қабілеттерін дамыту» - Рахимова Гульмира Султановна, домбыра сыныбының оқытушысы;
«Теория – сольфеджио сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану» - Келербекова Назым Жумабековна, музыка теориясы және сольфеджио пәндерінің оқытушысы;
«Развитие исполнительских и технических навыков игры на фортепиано» - Турлубаева Зульфия Сакеновна, фортепиано сыныбының оқытушысы;
«Оқушылармен ойын және жаттығу арқылы хор сабақтарында вокалдық-хор дағдыларын дамыту» - Искакова Индира Мауткановна, вокал сыныбының оқытушысы;
«Тарбағатай шертпелері» - Шекенова Бақытгуль Шайболовна, домбыра сыныбының оқытушысы.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, семинар жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұсынылған шеберлік сабақтарынан алған әсерлерімен бөлісті.
Модераторлар: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша әдіскері.