«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуда заманауи технологияларды пайдалану» облыстық семинары

«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуда заманауи технологияларды пайдалану» облыстық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе Семей қаласының ШҚО ББ «№ 5 арнайы мектеп-интернаты» КММ Балалар жылына орай 2022 жылғы 20 сәуірде «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуда заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - оқу-тәрбие процесін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, заманауи технологияларды енгізу негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру.

Семинар жұмысына облыстың арнайы мектеп-интернаттарының  директорларымен педагогтері қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде топтық, кіріктірілген, панорама, ойын, саяхат, эстафета, жоба қорғау сабақтары бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді.

 Сыныптан тыс іс-шара 7-10 сыныптар арасында Сөйлеу сағаты: Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны өткізілді.

Семинардың теориялық бөлімінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілген сабақтар бойынша талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Семинар соңында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысушылар музыкалық құттықтаулар ұсынды.