
2022 жылғы 19 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің бәйтерегі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн форматта өткізілді.
Ғылыми- практикалық конференцияның мақсаты – А.Байтұрсынұлының ақыл сөзін, асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын көрсету.
Іс-шараға Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары, Шымкент, Алматы қалаларынан білім басқармаларының білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін ұйымдардың педагогтері (қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, химия және биология пәндері, бастауыш сынып мұғалімдері), сынып жетекшілері, «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы мамандары қатысты.
Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы білім баскармасының басшысы С. Жумадилова алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық бөлім барысында шетелдік ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, профессорлар және кинорежиссер, музей жетекшісі:
- Нергис Бирай, Түркия мемлекеті, Памуккале университеті, Түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі, профессор, докторы, Konu «Alaş Fikirlerinin Yansıtıcısı Kazak Gazetesi ve Ahmet Baytursınulı», «Алаш идеясының таратушысы «Қазақ газеті» және Ахмет Байтұрсынұлы»;
- Скопа Виталий Александрович, Ресей Федерациясы, Барнауыл қаласы, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі, философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ» газеті Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде»;
- Мұрат Есжан, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, ACADEMY OF ART UNIVERSITY (АҚШ) университетінің киносценарисі, «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының режиссер-сценарисі;
- Райхан Сахыбекқызы Имаханбет, Ахмет Байтұрсынұлы мемориалды музей-үйінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі мен зерделенуі»;
- Әбсадық Алмасбек Ахметұлы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халық ассамблеясы жобалық офисі жетекшісінің м.а. «А.Байтұрсынұлы және ауыл мектептері»;
- Ибраемова Майра Сансызбайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты Семей медицина университетінің доценті м.а.«Алаштың ұлы ұстазы» тақырыптары аясында салиқалы ой, сындарлы пікір, тың ізденістерімен бөлісті.
Конференцияның секциялық бөлімі:
Конференция корытындысы ретінде электронды жинақ шығарылып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім порталында орналастырылады.