
2021 жылы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы оқушыларын теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша Жол картасын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында
білім бөлімдерінің мамандарының, бракераждық комиссия мен Ведомствоаралық сараптамалық топтар мүшелерінің, ата-аналардың қатысуымен облыстық оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинар жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Шара барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің бөлім басшысы - Дырымбаева Бахыт Кадылбековна «Мектеп асханаларында оқушыларды сапалы тамақтандыруды ұйымдастру және тағамнан уланудың алдын алу жөнінде» баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, Семей қалалық білім бөлімінің маманы Файнуллаева Руфия Васильевна мектептердегі бракераждық комиссиялардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру бойынша іс-тәжірбиесімен бөлісіп, аталған комиссияның қызметіне қатысты сұрақтар талқыға салынды.
Ведомствоаралық сараптамалық топтар қызметіне Өскемен қаласының білім бөлімінің әдіскері - Кузмицкая Анна Васильевна тоқталды.
Семинарға қатысушылар мектеп асханасында ұйымдастырылатын тамақтандыру мәселесі бойынша толыққанды ақпарат алды.