«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп кітапханасының үздік жобасы - 2022» қашықтан облыстық байқауы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп кітапханасының үздік жобасы - 2022» қашықтан облыстық байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 21 ақпаннан 15 сәуір аралығында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп кітапханасының үздік жобасы - 2022» қашықтан облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - тиімді жұмыс істейтін мектеп кітапханашыларын анықтау, қолдау және көтермелеу, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді және инновациялық жұмыс тәжірибесін насихаттау және тарату.

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 15 мектеп кітапханашылары-аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Комиссия материалдарға бағалау сараптамасын жүргізіп, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталған «Мектеп кітапханасының үздік жобасы-2022» облыстық байқауының жеңімпаздарын анықтады:

I дәрежелі дипломмен - ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Сабырбекова Толқын Танирбергеновна;

II дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Байелова Мира Суртаевна;

II дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Мамиева Гүлмайра Түркистанқызы;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы негізгі орта мектеп» КММ кітапханашысы Одинцева Наталья Владимировна;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі Заводина Ирина Валерьевна марапатталды.

Байқау комиссиясы қатысушыларға келесі номинациялар тағайындады:

«Оқуға ұсынымдар бойынша үздік жоба» – ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкжота орта мектебі» КММ кітапханашысы Мухамбетова Гульмира Ратаевна;

«Лучший пример использования ИКТ» – ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектеп» КММ кітапханашысы Облезова Ольга Тимофеевна;

«Чтение как праздник» – ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Артемова Светлана Васильевна;

«Лучший краеведческий проект» – ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің А.С. Иванова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-бала бақша» КММ кітапханашысы Каткова Надежда Анатольевна.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлерін құттықтаймыз және оқушылардың оқу белсенділігі мен сауаттылығын дамытуда жемісті жұмыс тілейміз!