Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді

2022 жылдың 13 сәуірінде «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен  7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және  резервін құру.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары – Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 200-ге жуық оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 93 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 18, II орын - 28 , III орын - 47 оқушы).

 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!