Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 11-15 сәуірі аралығында Өскемен қаласында Президенттік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасы өтті.

Облыстық жарыстарға мектепішілік және қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 50 оқушы қатысты.

Ұлдар мен қыздар арасындағы жалпы командалық есеп бөлек есептелді.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Қыздар:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Үржар ауданының құрама командасы;

3 орын – Семей қаласының құрама командасы.

Ұлдар:

1 орын – Үржар ауданының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!