
Бүгін, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ШҚО білім басқармасы экономикалық бағыттағы оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжімен бірлесіп «Экономика PRO 2022» облыстық олимпиадасын өткізді.
Мақсаты – әр түрлі мамандықтар бойынша талантты студенттерді анықтау, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша теориялық және практикалық оқыту процесінде алынған білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету.
Олимпиада 4 кезең бойынша өткізілді: «Қызықты бейне»; «Викторина»; «Капитандар сайысы»; «Мені түсін».
Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – «Жас акционерлер» командасы (Геологиялық барлау колледжі);
ІІ орын – «Короли баланса» командасы (Бизнес және сервис колледжі);
ІІІ орын – «Winners» командасы (Бизнес және сервис колледжі).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!