
2022 жылдың 15 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес онлайн форматта «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері» семинарын өткізді.
Іс-шараны ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директордың орынбасары Нурканова С.Т. алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында:
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№19 қосымша білім беру орталығы мектебі» КММ педагог-мамандары: Е. Я. Бисерова «Образовательная среда школы как условие для эффективной реализации нклюзивного образования»; В. В. Кравченко «Возможности интеграции основного и дополнительного образования в условиях реализации инклюзивного образования» тақырыптарында жұмыс тәжірибелерімен бөліссе, Н.Н. Величко, А.К. Тіленова, Н. И. Хонина, А. С. Мұхамеджанов «Эффективные методы и приемы работы с детьми с особыми образовательными потребностями» тақырыбында шеберлік сыныптарын көрсетті.
Сондай ақ ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№37 көпсалалы орта мектебі» КММ педагогтері: А. Д Зейнолдина «Диагностический инструментарий педагога-психолога в работе с детьми с ООП»; А. С. Боровикова «Особенности коррекционно-развивающей работы педагога-психолога с детьми с ООП»; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ педагог-психологі А. С Чечулина «Нейропсихологический подход в практической деятельности педагога-психолога с детьми с ООП», ШҚО ББ Семей қаласы бойынша ББ «№36 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КПИ әдіскері Э Н Нурашева «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арнайы, вариативті және альтернативті әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының 1000-нан астам педагогі қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.
Шараның бейне жазылымы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО YouTube каналында сақталады https://www.youtube.com/watch?v=2JaZbIk5c3o
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева А. К.