«Дебат-заманауи бірегей білім беру технологиясы» әдістемелік-практикалық семинар

«Дебат-заманауи бірегей білім беру технологиясы» әдістемелік-практикалық семинар

 «Дебат – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу».

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылы 14 сәуір күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ базасында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Дебат-заманауи бірегей білім беру технологиясы» тақырыбында облыстық әдістемелік-практикалық семинар өтті.

Мақсаты – дебат технологиясын оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс тәсілдері және дебат қозғалысын дамыту жолдары бойынша әдістемелік көмек көрсету,тәжірибе алмасу.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 100 астам  педагогтері қатысты.

Әдістемелік-практикалық семинар 3 бөлімнен тұрды:

І бөлім тәжірибе алмасу алаңдарында «Аялдама» нысанында «Дебат» қозғалысымен айналысып жүрген мұғалімдер 4 алаңда: 

          1-алаңда – Октябрь Б.Б.  ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 42 орта мектебі»КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор «Американ парламенттік форматының негізгі ережелері мен       қағидалары»;

2-алаңда– Шәріпханов Т.Ш., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін  мектеп»КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор; Бақытжанұлы Қ.; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкеев атындағы № 44 лицейі»КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы «Мектепте дебат клубының ұйымдастырылуында құжаттардың рәсімделуі»;

3 –алаңда. – Оразалин Қ.А., ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер «Дебат технологиясын тарих сабақтарында қолдану әдістемесі»;

4- алаңда– Мәуітхан Л. «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі»КММ тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші «Дебат» үйірмесінің бағдарламасы» өз тәжірибелерімен бөлісті.

ІІ.Теориялық әдістемелік бөлімде

  1. Шайзанова Назым Ержанқызы, Өскемен қ. «SAMGA» даму орталығының директоры, дебат және шешендік өнер бойынша жаттықтырушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі «Дебаттың оқушының дамуы мен тәрбиесіне әсері»;
  2. Асылбаев ЕділАсқарұлы, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, «ШЖМ дебат қозғалысын дамытудың жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» тақырыптарында баяндама жасады.

ІІІ бөлімде қатысушылармен «Бұл палата ҚР орта білім беру жүйесінде жазғы мектеп оқу кезеңі ретінде қабылдануын дұрыс деп есептейді» тақырыбында дебат ойыны өтті.

Қатысушыларға семинар материалдарынан электрондық папка жасақталып, таратылды.

       Шара соңындағы кері байланыста қатысушылар спикерлердің дебат қозғалысының жұмыс жүйесі бойынша іс тәжірибесінен алған  білімдерін жұмыс барысында қолданатындарын атай келе, спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.