
Жылдық жоспарға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне «ШЖМ жағдайында ҚГБ және ЖМБ пәндері бойынша білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында практикалық семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты - шағын жинақты мектептерде ҚГБ және ЖМБ пәндерін оқыту бойынша білім сапасын арттыру және әдістемелік көмек көрсету.
Онлайн-семинар барысында:
ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңаауыл негізгі орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Г.Ч. Мустафина; «Бурабай орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Г.К. Курмангалиева; «Теректі №2 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Г.Ж. Мырзагулова;
ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі И. В. Ракова, математика пәні мұғалімі О. В. Подгорнова, химия және биология пәндерінің мұғалімі А. В.Фертиков;
ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Большереченск жалпы білім беру орта мектебі» КММ жаратылыстану пәні мұғалімі И.В. Акентьева семинар тақырыбы негізінде өз тәжірибелерімен бөліседі.
Практикалық семинар 2022 жылғы 22 сәуір күні өтеді.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін семинар сағат 10.00-де өтеді.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері, 87774966377.