«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының 2022 жылғы 11 наурыздағы №09-38/92 хатына сәйкес 2022 жылдың 11-14 сәуірде ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ-де «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайына зерделеу жүргізілді. Зерделеу жұмысын Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Аналитика, мониторинг және педагогикалық өлшемдер бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.У. Алджамбекова жүргізді.

Зерделеу барысында өзін-өзі тану сабақтарына қатысу, көрсетілген критерийлерге сәйкес сабақтың сапасы, өзін-өзі тану мұғалімдерінің сапалық құрамы, білім беру ұйымының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенмен (оқулық, дәптер, әдістемелік құрал) жабдықталуы, өзін-өзі тану кабинетінің жағдайы зерделенді. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми қызметкері Ж.У. Алджамбекова қатысқан сабақтарға талдау жасап, мұғалімдерге ұсыныстар берді.