2022 жылғы 19 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің бәйтерегі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – А.Байтұрсынұлының ақыл сөзін, асыл ойларын санамызға сіңіру, өсиеттеріне сай еңбек етіп, өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп ұсынып, кемеңгерлік, даналық пікірлерін қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын көрсету.
Шараға ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы мамандары, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары және педагогтері (қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, химия және биология пәндері, бастауыш сынып мұғалімдері), әдіскерлер, сынып жетекшілері шақырылады.