«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша түсіндіру жұмысы» облыстық семинары

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша түсіндіру жұмысы» облыстық семинары

2022 жылғы 12 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы білім басқармасының аппараттық кеңесте берілген хаттамалық тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың   2 наурызда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға түсіндіру және дайындау бойынша облыстық семинар өткізді. Семинарға 2022 жылдың мамырына жоспарланған Бородулиха және Аягөз аудандарының 18 мектебі қатысты.

Мақсаты – «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2.02.2016 жылғы №124 бұйрығына сәйкес білім беру қызметін өзін-өзі бағалау кезінде білім беру ұйымдарының құжаттарын дайындау бойынша әдістемелік көмек беру.

Семинарда мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептер – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 мектеп-лицейі» КММ және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ  тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында «№11 мектеп-лицейі» КММ директорының м.а. Королева Елена Александровна және директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Федорова  Елена Владимировна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ директоры  Сайлаубек Әділ және, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Мәуітхан Ләззат білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауға дайындаудың негізгі бағыттары мен өзін-өзі аттестаттауды жүргізудің құжаттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті:

- өзін-өзі бағалау туралы шешіммен педагогикалық кеңес отырысының хаттамасы;

- білім беру ұйымының басшысы бекіткен өзін-өзі бағалауды құру туралы бұйрық;

- өзін-өзі аттестаттауды өткізудің бекітілген бағдарламасы (өлшемшарттар бойынша);

- мектепалды жастағы ата-аналарға немесе үлкен жастағы балаларға респонденттер толтырған сауалнамалар;

- құрылымы мен мазмұнына сәйкес өзін-өзі бағалау қорытындысы;

- инвариантты компонент сабақтарының бейнематериалдары;

- жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау туралы бейнематериалдар;

- дескрипторлар бойынша бағалау қорытындысы бойынша бағалау парағы;

- беру ұйымы басшысының өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша берген есеп туралы қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасынан көшірме.

Семинар соңында спикерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.